Құрметті сайтқа келушілер!

«ESBERGEN» жобасы зиянды әдеттерден айырып, жақсы әдеттерді қалыптастыруға арналған сайт.

Жаман әдеттердің адамға келтіретін зияны туралы мәліметтер көп, бірақ оларға адамдар неге үйір болады және жаман әдеттен қалай құтылуға болатыны жөнінде ақпарат аз немесе басым бөлігі жалған.

Сонымен қатар біздің екі жүзді қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет деген ұрандар жиі кездеседі.

Алайда азық-түлік дүкендердің ең көзге түсетін жерлерінде темекі және алкоголь өнімдері ашық түрде сатылады, сондай-ақ тойларда дастарқанымызды алкогольге толтырып қоямыз, теледидар алдында атақты әртістер темекі шегіп, арақ-шарап ішумен әлек.

Осыған байланысты қоғамда қалыптасқан істерді онда өмір сүретін адамдардың қайталауы таңғажайып емес.

Зиянды әдеттерден айығу үшін «ғажайып» дәрінің, ине салатын дәрігердің, ұйықтататын психологтың, емшінің, бақсының және т.с.с. адамдар мен амалдар көмегін тигізбейді, ол үшін адам жалған сенімдерден айрылу керек.

Осы сайтта зиянды әдеттердің құпиясын аша отырып, олардан айрылудың ғалымдар мойындаған және өзім толықтырған әдісін ұсынамын.

Үй жұмысы ретінде берілетін әдісті толық және белгіленген уақыт мерзімінде қолдансаңыз зиянды әдеттеріңізден толық құтыла алатыныңызға сенемін.

Құрметті оқырман, отбасымыз және еліміз аман болып, одан әрі дамысын десек осы сайтта көрсетілген әдісті қолдануыңызды сұраймын және салауатты өмір сүру салтын насихаттауға шақырамын.

Зиянды әдеттерден айрылуда жолдарыңыз болсын деп сәттілік тілеймін!

Зиянды әдеттері бар оқырмандарының құқығы мен міндеттері:

Құқығы

  1. Ойдан шығарылған есімді (бүркеншік ат) пайдалану.
  2. Мекенжайын жасыру, оның орнына бүркеншік атына ашылған электрондық поштасын көрсету.
  3. Кеңес алу.
  4. Зиянды әдеттерден айықтыратын курстарға жазылу.
  5. Сайт авторына сыни ескертпелер жазу.
  6. Жеке пікірі мен кеңестер айту.

Міндеттер

  1. Зиянды әдеттерден толықтай құтылуды өзінің басты міндеті ретінде қою және осы мақсатқа жету үшін барын салу.
  2. Блогтағы мақалаларды асықпай әрі ой түйе оқу, оның мазмұнын жақсылап түсіну және есте сақтау.
  3. Негізгі ережелер мен тұжырымдамаларды, статистикалық мәліметтерді есте сақтау.
  4. Ағарту жоспарын орындау барысында бірнеше күнге созылатын ұзақ үзіліс жасамау.
  5. Күнделікті жүйелі және егжей-тегжейлі толық жүргізу.

Егер Сізді осы тақырып қызықтырса,

«Зиянды әдеттер туралы ең маңыздысы!!!»

деген бірінші мақаламды блогта оқуға шақырамын.