Біздің қоғамда зиянды әдеттерге нашақорлық, темекі шегу, алкоголь ішу, ойын құмарлық және т.с.с. істерді жатқызады.

Зиянды әдеттердің адамға келтіретін зияны туралы мәліметтер көп, бірақ оларға адамдар неге үйір және олардан қалай құтылуға болатыны жөнінде ақпарат немесе білім аз әлде қате.

Сонымен бірге салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет деген ұрандар жиі кездеседі. Алайда азық-түлік дүкендердің ең көрінетін жерлерінде темекі және алкоголь өнімдері ашық түрде сатылады, теледидар алдында атақты әртістер темекі шегіп, арақ-шарап ішумен әлек.

Жоғарыда айтқандай адам баласы зиянды әдеттерден өз күшімен тез және оңай құтыла алу керек ғой, сонымен қатар зиянды әдеттер неліктен тұрақты қажеттілігіне айналады? неге онда темекі немесе алкогольден құтылу қиындық туындатады?

Ал оның жауабы тек зиянды әдетте ғана емес темекіге және алкогольге тәуелді болу – ол нашақорлықтың бір түрі және адамның санасында қалыптасқан бағдарламада.

Сондықтан осы күннен бастап, темекі шегетін немесе алкоголь ішетін адамдарды тек зиянды әдеттері бар адамдар деп емес, нашақорлармен теңестірген жөн және дұрыс деп есептейміз.

Темекі шегетін адам темекінің құрамындағы — никотин атты алколоидқа тәуелді болады, сонымен қатар никотин өте улы зат, ол инсектицид есебінде кең қолданылды.

Никотин адам ағзасын қоздырады бұны тексеру үшін темекі шегіп болған соң қан қысымын өлшеп көріңіз. Шизофренияға шалдыққан адамдарда шылымға әуестік ерекше байқалады себебі адамда екі ой пайда болады, біріншісі темекі шегу — екіншісі темекі тастау туралы. Құрамында никотині жоқ (шөптік) темекіге адам тәуелді болмайды.

Алкоголь ішетін адам алкогольдік өнімдердің құрамындағы — спиртке тәуелді болады.

Этил спирті бұрынғы Кеңес одағының 1972 жылғы Мемлекеттік стандартына сәйкес — тез өртенетін, өзіндік иісі бар түссіз сұйықтық, алдымен қозуды арттырып, сосын нерв жүйесін параличке шалдықтыратын, қатты әсер ететін наркотикке жатады — деп жазылған.

Құрамында спирті жоқ алкогольдік өнімдерге (алкогольсіз) адам тәуелді болмайды.

Ендігі мәселе осындай зиянды әдеттерге адам неге әуестенеді?

4 3 голоса
Рейтинг статьи

Categories:

Подписаться
Уведомить о
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

0
Оставьте комментарий! Напишите, что думаете по поводу статьи.x
()
x