1. Әдет – қалай қалыптасады?

Жоғарыда әдеттің негізгі қалыптасатын кезеңі – балалық шақ болып есептеледі делінген бұл көзқараспен толық келісемін. Менің әдеттерімнің басым бөлігі бала кезімнен бастап қалыптасып келеді.

Сонымен бірге адамның ойлану қабілетін зерттейтін ғалымдардың айтуы бойынша қайталана беретін істерге адамның миында нейрон байланыстары пайда болады екен немесе ми клеткаларының арасында түсініктер туралы байланыстар орнатылады деп де айтуға болады, сондықтан қайталана беретін істерді адамдар уақыт өте ойланбай және қиналмай автоматты түрде орындай алады екен – оны мидегі бағдарлама деп — атауға да болады.

Бұл көзқараспен де мен толық келісемін себебі бір іс-қимылды әдетке айналдыру үшін оны бірнеше рет қайталау қажет.

Есіме түсірсем бала кезімде киімімді киюге қатты қиналатын едім оң-терісі, алды-арты сияқты мәселелер әсіресе аяқкиімнің бауын байлауға қанша жігерімді жұмсадым, ал қазір ол қимылдарды ойланбай автоматты түрде істей аламыз.

Енді әдет — белгілі бір жағдайда адамның қажеттілігіне айналып кеткен мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы. Әдет стихиялық түрде, сонымен қатар бағытталған тәрбие арқылы пайда болып, мінезінің тұрақты қырына айналуы мүмкін – деген көзқарасты талқылап көрейік.

Расында біздің қоғамда берілетін тәрбиеге сәйкес азанда ұйқыңнан тұрған кезде киіміңді кию, төсегіңді жинау, бетіңді жуу, тісіңді тазалау, тамақ ішер алдында қолыңды жуу сияқты істер талап етіледі, сондықтан бұл істер күнделікті қайталанатын болған соң тұрақты әдетке айналған.

Сонымен бірге зиянды әдеттерден балаларын ата-аналары қорғаштайды ғой және олардан тез құтылуға болады ғой мысалы: балаға тырнағыңды тістеме, тісіңді қайрама десе ол істерді бала өз күшімен тез тыяды ғой.

«Ауру қалса да әдет қалмайды» деу, әдеттің тұрақты қажеттілікке айналғанын көрсетеді дейді, алайда зиянды әдет неліктен тұрақты қажеттілігіне айналады, осыны зерттеу үшін «Зиянды әдет деген не?» — деген сұрақты талқылайық.

0 0 голос
Рейтинг статьи

Categories:

Tags:

Подписаться
Уведомить о
guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

0
Оставьте комментарий! Напишите, что думаете по поводу статьи.x
()
x